• Главная
  • Қазақстандық әскери қызметшілер салтанатты түрде сап түзеп құттықтады (Фото)
4 мая, 2015 08:54

Қазақстандық әскери қызметшілер салтанатты түрде сап түзеп құттықтады (Фото)

Отан қорғаушы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ерекше акция өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қазақстандық әскери қызметшілер салтанатты түрде сап түзеп құттықтады (Фото)

Олар қару ұстап мерекелік күннің нышаны «7» санын арнайы сап түзеп салтанатты түрде көрсетті. Аталған акция ҚР ҚК қатарындағы үздік саптық даярлық бойынша өткізген «7 Мамыр» байқауының қорытындысы болды.

 Іс-шараға бірнеше әскер түрлері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Байқауда үздік даярлық көрсеткен жеке взводтар мен әскери бөлімдер ерекше акция арқылы өз шеберліктерін танытты.

Олардың арасында Ақтаудағы 25744, Астанадағы 32363, Өскемендегі27943 әскери бөлімдерінің, ҚР ҚМ құрметті күзет ротасы, сондай-ақ ҚР ҚК арнайы мақсаттағы үздік взводтары мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері бар.

ҚР ҚМ құрметті күзет ротасының әскери қызметшілері акция барысында сапта қару қолдануды көркем түрде нақышына келтіре орындап парадтың салтанатты элементтерін көрсетті. Осы орайда, байқау жеңімпаздары барлық төрт тізбектің дәл қосылуы арқылы сапқа тұрып баранбан дауысымен Отан қорғаушы күні «7» санын көрсетті.