- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚЫҰ-да Қазақстанда өткен президент сайлауының нәтижелерімен танысты
ЕҚЫҰ-да Қазақстанда өткен президент сайлауының нәтижелерімен танысты
«Отырыс барысында ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан делегациясының басшысы-ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай осы жылдың 26 сәуірінде Қазақстанда өткен Президенттік сайлаудың қорытындылары бойынша баяндама жасады. Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ-ға мүше қатысушы-мемлекеттердің делегацияларына іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 97,7% дауыс жинап сенімді жеңіске жеткенін, ал ҚР Коммунист Халық Партиясынан сайлауға түскен Тұрғын Сыздықов 1,6% және Қазақстан Кәсіподақ федерациясының төрағасы
Әбілғазы Құсайынов 0,64% дауысқа ие болғанын хабарлады», - делінген хабарламада.
Өз таңдауын елінің саяси тұрақтылығы, қауіпсіздігі және дамуына, сондай-ақ Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен іске асырылып жатқан реформаларға бағытталған дауыс берушілердің сайлауға белсенді қатысуы Қазақстан азаматтарының жоғары құқық мәдениеті мен саяси белсенділігінің көрсеткіші болғаны атап өтілді.
Тұрақты Кеңес Президент Н. Назарбаевтың бағдарламасы, бес институтционалды реформаларының іске асырылуы туралы жоспар мен осы мақсатта құрылған жаңарту бойынша Ұлттық комиссия жөнінде ақпараттандырылды.
Отырысқа қатысушылар 37 мемлекет пен 7 халықаралық ұйым атынан қатысқан халықаралық бақылаушылардың бағаларымен таныстырылды. Бақылаушылардың басым бөлігінің пікірі бойынша сайлаудың халықаралық стандарттар мен Қазақстан атазаңында қарастырылған нормалар мен қағидаттарға сай әділетті, ашық және әділ өтті.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының есебіне қатысты
Елші аталған беткеұстар ұйыммен ынтымақтастық құрудың және оның білімі мен тәжірибесін кеңінен пайдаланудың маңыздылығына назар аударды. Қазақстанның ұсыныстар мен ескертулерге ашық болғаны жөнінде атап өтілді. Өз кезегінде ДИАҚБ-ның беделі тарапсыздық әрі әділ бағалау негізінде, барлық бақылау кезеңдерінде ашық болу керектігі жөнінде айтылды.
Отырыс барысында кері жауаппен бірқатар делегациялар баяндама жасады. АҚШ және ЕО Қазақстанды негізгі серіктес болғанын атап өтті және сайлау мәселелерін қоса алғанда, барлық салада ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуға дайын болғандарын жеткізді.
Ресей, Беларус, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан делегацияларының баяндамаларында сайлаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берілді. Сондай-ақ дауыс берушілердің белсенділігі мен бірауыздан іс басындағы Президентке қолдау көрсеткені жөнінде атап өтілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды