• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2020 жылға дейін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 10 трлн теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарлануда – С.Ахметов

2020 жылға дейін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 10 трлн теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарлануда – С.Ахметов

11 Қазан, 2013 11:35
Елдің агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге өскен. Өз кезегінде ол аталмыш салаға 10 трлн теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Серік Ахметов мәлімдеді.

«Үкімет тарапынан 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді іске асыру бойынша жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру басталды. Елдің агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге өскен. Өз кезегінде ол аталмыш салаға 10 трлн теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді С.Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірыңғай астық холдингі құрылды.

«Ағымдағы жылы 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр», - деді С.Ахметов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар