• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана Операда» «Әлемнің ең үздік зор дауысы» атағының иегері Ильдар Абдразаков өнер көрсетеді

«Астана Операда» «Әлемнің ең үздік зор дауысы» атағының иегері Ильдар Абдразаков өнер көрсетеді

11 Қазан, 2013 14:48
21 қазанда Әлемдік театр премьерасы күнінде «Астана Операда» Дж.Вердидің «Аттила» операсының бірінші париясында «Әлемнің ең үздік зор дауысы» атағының иегері Ильдар Абдразаков өнер көрсетеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әлемдік театр премьерасы күнінде «Астана Операда» Дж.Вердидің «Аттила» операсының бірінші партиясында «Әлемніңең үздік зор дауысы» атағының иегері Ильдар Абдразаков өнер көрсетеді. Өнерпаз елордаға 14 қазан күні келеді. Сол кезде толық құрамда дайындық жұмыстары басталады»,  - делінген хабарламада.

Атақты опера әншісін Аттиланы орындауға шақыру тегін емес. Абдразаковтың аты әлемге әйгілі болуы осы шығармаға тікелей байланысты.

«Мен Астана туралы, оның мейірбан ақсақалдары туралы көп естідім. Енді, міне маған ұлы қазақ халқымен танысу бақыты туып отыр. Қазақстанда менің өте көп фамилияластарым бар екенін білемін. «Астана Операның» суретін көріп те үлгердім. Ол өте әдемі. Менің ойымша «Астана Операның» әлемдегі ең үздік театрларының бірі болуына барлық жағдай жасалған», - дейді опера әншісі.

Әртістің айтуынша, ол «Аттила» операсын көптеген өнер майталмандарымен бірге орындаған. Осы партиямен ол «Метрополитен-опера» және «Рим операсында» өнер көрсеткен.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар