- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Бірлік күні мерекесі тойлануда (Фото)
Талдықорғанда Бірлік күні мерекесі тойлануда (Фото)
Суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері, ұлттық спорттық ойындар, мотошеру, театрландырылған көріністер, көңілді концерт Талдықорған қаласындағы орталық алаңда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның шырайын кіргізді.
Мерекеге жиналған көпшілікті облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.
«Бірлік, достық, татулық, ынтымақ - еліміздегі саяси - экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Елбасының сарабдал саясатымен осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай білудің арқасында биік белестерді бағындырып, зор жетістіктерге жетіп отырмыз. Бұл тұрғыда Алматы облысы барлық өзге өңірлерге өнеге болуы тиіс. Күні кеше ғана өткен Президенттік сайлау елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайта түсті. Халқымыз өзінің нұрлы болашағын Тұңғыш Президентпен байланыстыратынын көрсетті», - деді ол.
Қазақстан - береке мен бірліктің, достықтың мекені. Мұнда бір шаңырақ астында көптеген ұлттар мен ұлыстар тату - тәтті ғұмыр кешуде. Сондықтан да еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты әлем бағалап, мойындап отыр.
«Құрметті жетісулықтар! Ынтымақ мерекесі құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ - береке тілеймін! Еліміздің бірлік пен ынтымағы нығая түсіп, береке-бірлігіміз арта берсін, - деді облыс басшысы өзінің құттықтауында.
Мұнан соң жиналған қауым «Бірлігі бекем - Мәңгілік ел!» мерекелік бағдарламасын тамашалап, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның және түрлі музыкалық конкурстардың жеңімпаздары қатысқан «Өнерім менің - өмірім менің» атты концертке куә болды. Мерекеде Қазақстандағы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің трансляция арқылы құттықтауы берілді.
Талдықорғандағы халықтық мереке соңы кешкі жастар биіне ұласады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті