Елбасы қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

1 Мамыр, 2015 11:25
«Қазақ ел» монументінің алаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар, «Мәңгілік ел» алаңында мен сiздердi Қазақстан халқы бiрлiгi күнiмен құттықтағым келедi. Сайлауда бiз барша әлемге бiрлiгiмiздi және қуатымызды көрсеттiк. Осы бiрлiктiң, көпэтникалық татулық пен тұрақтылықтың арқасында бiз елдегi  жетiстiктерге қол жеткiздiк. Мен бiздiң алдымызда тұрған үлкен мiндеттердi атаған болатынмын. Оларды атқару үшiн бiзге бiрлiк қажет. Бүгiн - мемлекеттiк мереке - Қазақстан халқының бiрлiгi күнi. Менi қолдаған барлық қазақстандықтарға тағы бiр алғыс айтуға мүмкiндiгiм бар», - деді Елбасы.

Елбасы  ауылдардан, зауыттардан, фабрикалардан, мұғалiмдерден, жастардан, құқық қорғау органдарынан көптеген құттықтау хаттар алып жатқандығын айтты.

«Барлықтарына рақметiмдi айтқым келедi. Осындай халқыма қызмет ету  - мен үшiн үлкен абырой. Мен бұл iске адалмын және Қазақстанның көркеюiне, халықтың жағдайының арта беруiне, бiздi әлем сыйлай түсуiне, алдымызда тұрған мiндеттердi сәттi атқаруға, мемлекет пен болашақ буын алдында қарызымды өтеуге қолымнан келгеннiң барлығын атқарып шығуға тырысамын»- дедi Мемлекет басшысы.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар