• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю.Кустадинчев: Президенттің реформасы қазақстандық экономиканың дамуына жол ашады

Ю.Кустадинчев: Президенттің реформасы қазақстандық экономиканың дамуына жол ашады

2 Мамыр, 2015 11:06
Президенттің реформасы қазақстандық экономиканың дамуына жол ашады, деді «Жандану» Атырау облыстық болғар этномәдени ұйымының төрағасы Юрий Кустадинчев.

«Атырау облысының этномәдени ұйымы Елбасыны сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Елбасының әрбір қазақстандыққа көрсетіп отырған қамқорлығы мен еңбегінің алдында басымызды иеміз.

Бұл оқиға Қазақстан халқының бірлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ант беру рәсімі бірлік күні қарсаңында бекерден бекер өткізілмеді. Біз халықтық реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын түсінеміз. Бүгінде қиын геосаяси жағдайлар мен әлемдік эконмикадағы тұрақсыз жағдайларда Қазақстан Елбасының арқасында тұрақты әрі сенімді даму үсынде», - деді ол.

Оның айтуынша, сын-қатерлер нақты шаралар мен шешімдерді қабылдауды қажет етеді.

«Сондықтан да біз Презденттің ұсынған реформаларын қуана қабылдадық. Ол қазақстандық қоғам мен экономиканың тұрақты дамуына септігін тигізеді. Мемлекет қолдауымен қазақстандық экономика дамып, этникалық БАҚ құрылуда, ұлттық театрлар жұмыс істеуде. Бұл елдегі мызғымас бірліктің нышаны», - деді ол.

Барлық жаңалықтар