• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 98 жобаны іске асыру жоспарлануда

2013 жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 98 жобаны іске асыру жоспарлануда

11 Қазан, 2013 14:29
Ағымдағы жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020 жолкартасы» бағдарламасы бойынша 98 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мектептерді, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін, жол құрылысын күрделі жөндеуден өткізіп,су құбыры желілерін қалпына келтіру бойынша биылғы жылы 98 жобаны іске асыру жоспарланған»,- делінген хабарламада.

Аталмыш жобаларды жүзеге асыру арқылы қосымша 1350 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бірден кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алған бағдарламаға қатысушылар саны өскен.

Жалпы бағдарлама іске асқан үш жыл ішінде Ақмола облысында бағдарламаға шамамен 9 мың адам қатысқан, 6 мыңнан астам әлеуметтік келісімшарттар жүзеге асты.

Нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған, оның жартысынан көбі тұрақты жұмыс орындары.

 

Барлық жаңалықтар