- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті (Фото)
Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті (Фото)
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXII сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер талқыланды. Аймақ басшысы биылғы жыл – ел бірлігінің, Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық келісім моделінің жылы екенін атап өтті.
«Күні кеше ғана Сыр елінің үлкен делегациясы Елордада президенттік сайлауда айқын жеңіске жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысып келді. Елбасы Сыр елінің халқына айрықша ризашылығын білдіріп, қарқынды даму үстіндегі өңірлердің қатарында Қызылорда облысын ерекше атап өтті. Ұлт Көшбасшысының жоғары бағасы Сыр елінің әрбір азаматына тиесілі екенін атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, Қызылордада Ассамблея жылында «Достық үйі» пайдалануға беріліп, облыста жұмыс істейтін барлық ұлттық-мәдени орталықтар мен ассамблеяның ортақ шаралар орнына айналмақшы. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, қыркүйек айында беріледі деп жоспарлануда.
«Жиырма ізгі іс» эстафетасы игі бастаманың шеңберінде облыста 100-ге тарта шара ұйымдастырылып, 24 мың адамға 46 млн. теңгеден аса түрлі көмектер көрсетілді. Күні кеше су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысына Сыр елінен 125 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұның барлығы халқымыздың дархан көңілінің көрінісі.
Сессия барысында аймақ басшысы қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» және «Бірлік» алтын медалі төсбелгілерімен марапаттады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді