- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік – Қ.Мәми (Фото)
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік – Қ.Мәми (Фото)
Ведомство хабарлағандай, салтанатты шараға қонақ ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутаттар шақырылды.
Жиынның алдында Жоғарғы Сот Аппаратының қызметкерлері қатысқан Қазақстан халқы достығының фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль шеңберінде Аппараттың әрбір құрылымдық бөлімшесі Қазақстанда тұратын белгілі-бір этностың мәдениетін, салт-дәстүрін, музыкасы мен ұлттық тағамдарын көрсетті.
Салтанатты жиынды ашқан Қ. Мәми қазақстандықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстан халқының бірлігін сақтау мен нығайтуда Мемлекет басшысының рөлі айрықша екенін атап өтті.
«Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктеріне көп жағдайда еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткіздік. Бүгінде республикамыздағы соттарда 28 этнос өкілдері жемісті қызмет атқаруда. Соттар тарапынан жыл сайын бір миллионнан астам істің қаралуы, халық сенімінің арта түсуі қазақстандық сот төрелігінің тиімді көрсеткіші болып саналады», - деді өз сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы.
Жоғарғы Сот Төрағасының Өкімімен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында республикадағы 70-ке жуық судья, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен отставкадағы судьялар ведомстволық медальдармен және арнайы төсбелгілермен марапатталды. Аталған наградалар өңірлерге жіберілді және марапат иелеріне салтанатты түрде тапсырылатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер