Астанада «Қазақ елі» алаңында бірлік күні тойлануда

1 Мамыр, 2015 10:54
«Қазақ елі» монументі алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күні тойлануда.

Алаңда елорданың этномәдени бірлесіктері, эстрада жұлдыздары, музика және би ансамбльдері өнер көрсетеді. Бұл күндері барлық облыс орталықтары мен аудан-ауылдарда мерекелік шаралар өтеді.

Айта кетейік, мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар