- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық құтқарушылар ҰОС ардагерлеріне арналған Даңқ Аллеясы ашты (Фото)
Астаналық құтқарушылар ҰОС ардагерлеріне арналған Даңқ Аллеясы ашты (Фото)
Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» (Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі) №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл қызметкерлеріне арналған Даңқ Аллеясы ашылды.
Аллеяның салтанатты түрде ашылуына ҚР ІІМ ТЖК төрағасы генерал-майор Петров Валерий Викторович, Ұлы Отан соғысының және ТЖ және АҚ саласының ардагерлері және де тыл қызметкерлері мен соғыс ардагерлерінің туыстары шақырылды. ҰОС ардагерлерінің Даңқ Аллеясына ардагерлер мен тыл қызметкерлері туыстарымен атаулы ағаштарды отырғызды. Ардагерлер ҚР ІІМ ТЖК төрағасымен бірге ескерткіш капсуласын салып, бұнымен ұрпақтарға мираскерлік пен Отанына шексіз қызмет етуді қамтамасыз етті.
Ардагерлер аллеясы бейбітшілік пен бірлік, көркею нышанын білдіреді. ҚР ІІМ ТЖК төрағасы жиналғандарды келе жатқан Жеңіс Күнімен және Астана қаласы ТЖД ардагерлерге арналған аллеяның ашылуымен құттықтады. Даңқ Аллеясы біздің әкелеріміз бен аталарымызға Ұлы Отан соғысында шекарамызды сақтап, қарсыластарына төтеп беріп жеңіп алған жеңістеріне арналған алғысымыз!- деп атап өтті Валерий Викторович.
Астана қаласының ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Б.О.Дұзақбаев өз кезегінде алғысын ардагерлерге білдіріп, Жеңіс - бұл тек қана ұлы мереке емес бұл бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батырларды еске алатын күн деп айтып өтті.
Құттықтау сөздерінен кейін №4 орта мектеп оқушылары аспанға 70 жұпаргүлін ұшырды, 1945 жылы 9 мамырда жеңіспен келгендерді осы жұпар гүлімен қарсы алған болатын. Үш реттік «Ура!»-дан кейін Даңқ аллеясының ашылуы салтанатты түрде жабылды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
COVID-19: Кипр екпе алғандарға «есігін» ашты, ЕО AstraZeneca-дан бас тартты, Британия карантин шараларын жеңілдетті -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары