- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Президенттік сайлау тыңғылықты әрі жинақы өтті – М.Нұрғалиева
Қазақстанда Президенттік сайлау тыңғылықты әрі жинақы өтті – М.Нұрғалиева
«Сайлау кезектен тыс болды, сондықтан оған дайындалуға уақыттың тығыздығы белгілі еді. Соған қарамастан, барлығы етек-жеңдерін жиып, маңызды науқанға тыңғылықты жұмыла алды. Сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі ретінде заманауй технологиялардың белсенді пайдаланылғандығын айтар едім, соның ішінле тіпті әлеуметтік желілерді де кіргізуге болады. Ең бастысы болашақта әр кандидаттың өзінің сайты болғаны дұрыс. Сол сайт арқылы кандидатпен пікір алмасып, тиісті ақпараттарды алып тұруға болады. Биылғы жылы 423 call-орталықтар болды. Осы арқылы әрбір сайлаушы өзінің қайдан дауыс беретінін, өзінің тізімді бар немесе жоқтығын біліп отырды. Бұл Қазақстан үшін жаңалық. Өйткені мұндай орталықтар саны осы жолы өте көп болды, 16 облыс үшін бұл өте жақсы»,-деді Мадина Нұрғалиева.
ҚСЗИ өкілдігінің жетекшісі сайлау учаскелеріндегі ұзын-сонар кезекке қарамастан азаматтар өздерінің дауыстарын беру үшін кезектерін күтіп тұрғандығын ерекше атап өтті.
«Мен осы жолғы сайлау науқаны үлгі етерліктей болды дер едім. Сайлау тыныш, тыңғылықты әрі жинақы өтті. Дауыс беру күні сайлау үдерісі өте жақсы ұйымдастырылды. Халықаралық байқаушылар мен республикалық сайлауды бақылау қоғамдық комиссиясы да өте жақсы жұмыс істеді. Бізде кезек болды, бірақ олар үйлері жаңа салынған, халық көп шоғырланған аймақтарда болды. Заң бойынша бір учаскеге 3 мың адамнан келуі тиіс болатын. Кезектің көптігі азаматтардың дауыс беруіне кедергі болған жоқ және ол дауыс берушілердің санының сапасына да әсер етпеді. Ешкім де кезекті көріп теріс айналып кетпеді»,-деді жетекші.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша