• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша 21 мыңнан астам оқушыға материалды көмек көрсетілді

ҚР-да «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша 21 мыңнан астам оқушыға материалды көмек көрсетілді

11 Қазан, 2013 11:39
Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мектепке жол» жалпы республикалық дәстүрлі акциясы аяқталды. Биылғы жылы аталмыш шара «Болашақты бірге құрамыз» ұранымен өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

«Тамыз-қыркүйек айларында жасалған жұмыс қорытындысы бойынша, 21 425 оқушыға құны 166 млн 7 мың теңгелік материалдық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, 9779 балаға бюджеттен 97 млн 999 мың теңге бөлінсе, 11 646 балаға меценаттар, мекеме ұжымдары мен облыс ұйымдары 68 млн теңге көлемінде көмек  көрсеткен.

Сонымен қатар, акция барысында түрлі жағдайларға байланысты мектепке бара алмайтын балаларды анықтау жұмыстары да жұргізілді. Солардың қатарында үйсіз балалар,әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мигранттардың балалары бар.

«Бұл жұмысты балалар құқын қорғау департаменті мамандары, ата-аналар, мұғалімдер, құқық қорғау органдары қызметкерлері бірлесе атқарды. Жалпы 3 813 рейд ұйымдастырып, кәмелеттік жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарынан анықтау жұмыстары жасалды», - делінген хабарламада.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар