• Басты
  • Астанада «жасыл» экономикаға көшу барысында заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды
30 Сәуір, 2015 12:38

Астанада «жасыл» экономикаға көшу барысында заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Астанада «Жасыл» экономикаға көшу заңнамаларын жетілдіру: қоқсықтарды басқару мен қалдықтарды реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараны Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитеті Энергетика министрлігімен және «Жасыл академия» ғылыми-оқыту орталығымен бірлесіп, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңесесінің Астанадағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Астанада «жасыл» экономикаға көшу барысында заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгінгі таңда әлемде климаттың өзгеруі мен парниктік газдардың таралуын кеміту мәселесі белсенді  талқылануда. 2015 жылдың соңында Парижде БҰҰ қолдауымен жаңа халықаралық климаттық келісімге қол қойылады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан климаттың өзгеруі мен парниктік газдардың тасталуы бойынша өзінің ұсыныстарын әзірлеуі керек. 

«Қазақстан халықаралық келіссіөздер үдерісінің белсенді қатысушысы, еліміздің климаттың өзгеруі мен парниктікт газдардың тасталуы бойынша келісімге Конвенцияның талаптарын орындауда. Парниіктік газдардың тасталуын реттейтін мемлекеттік жүйені қалыптастыру Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді қарастаратын заңның қабылдануына ықпал етті. 2014 жылы Қазақстанда алғаш рет паринктік газдардың тасталуы бойынша ұлттық жоспар жүзеге асырылып, тиісті нормаларға өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда ұлттық жоспарға сәйкес, 2014-2015 жылдары 166 энергетика, өнеркәсіп, мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарының арасында парниктік газдарды тастау бойынша квоталар бөлінді»,-деді Энергетика министрі Владимир Школьник.  

Оның сөзінше, СО2 қалдықтарын тастау көрсеткіші бойынша жан басына шаққанда әлемдік деңгейдегі көрсеткіштен 2 есеге жуық көп.  Бұған қоса Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин комитеттің қарауында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасы жатқандығын, онда Орхус конвенциясымен байланысты түзетулермен қатар париниктік газдарда тастау бөлігінде де түзетілер енгізіліп отыр. Сондай-ақ «жасыл» экономика бойынша өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы да қаралуда.

«Аталған заң жобаларының қаралуы, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жұмыстарының тағы бір кезеңі болып табылады»,-деді ол.      

Индира Кауметова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды