• Басты
  • Жаңалықтар
  • БАӘ әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жоғары бағалайды

БАӘ әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жоғары бағалайды

30 Сәуір, 2015 15:09
Елші Қайрат Лама Шәріп Абу-Дабиде Біріккен араб әмірліктерінің Экономика министрі Сұлтан бен Сайд әл-Мансұрмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Ол әріптесін қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан мәселелердің негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді. Оның ішінде мемлекетті құрылысын әрі қарай жалғастырудағы 100 қадам Ұлттық жоспары туралы да айтты.

 «БӘӘ Экономика министрі әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен ҚР Президентінің көрегендігін жоғары бағалады»,-делінген хабарламада.

Әңгіме соңында қазақстандық дипломат БӘӘ Экономика министрі Сұлтан бен Сайд әл-Мансұрды 21-22 мамырда Астанада өтетін VIII Астана экономикалық форумына шақырды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар