- Басты
- Жаңалықтар
- 250 аса жас талант «Жеңіс жолдарымен» гала-концертінде өнер көрсетті (Фото)
250 аса жас талант «Жеңіс жолдарымен» гала-концертінде өнер көрсетті (Фото)
Гала-концерттің құрметті қонақтары болып Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері табылады. Гала-концертке «Жеңіс жолдарымен» фестивалінің өңірлік іріктеу турларының жеңімпаздары, оның қатарында Қазақстанның және ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының студенттік хор және би ұжымдары, жекелеген орындаушылар, мәнерлеп оқушылар қатысты. Концертке 250-ден астам жас дарындар қатысты..
Гала-концерт халықаралық шығармашылық алаңы болып табылады. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Бішкек, Омбы және Астана қаласының мәнерлеп оқушы жастары өз тілдерінде монолог оқиды. Астана қаласының би ұжымы Қырғызстан мен Қазақстанның екі хореографының бірлескен авторлық жұмысын іске асырды.
Қазақстандық ЖОО-ның студенттік хорының жинақтауымен Баку, Минск және Санкт-Петербургтік солистерінен ерекше шығармашылық альянсы құрылды. Кеш қонақтары үшін соғыс жылдарындағы атақты әндер шырқалып, сценада таныс образдар көрсетілді.
Сондай-ақ, концертке қазақстандық шығармашылық бірлетіктер де қатысты: Атырау, Семей, Петропавл, Қостанай және Орал қалаларының студенттік хорлары «Прощание славянки» әнін орындады. Астана мен Атыраудың би ұжымдары атыраулық «Көлеңкелер театрымен» бірлесіп, «Вернись, сынок, весной!» хореографиялық композициясын орындады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Жеңіс жолдарымен» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Фестивальдың басты мақсаты: ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға, жастардың патриоттық сезімін және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ету.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары