Ақтөбе облысы Теміртау ауданында жаңа мектеп ашылды

11 Қазан, 2013 11:59
Кеше, 10 қазан күні Теміртау ауданының Промысел елді-мекенінде жаңа мектеп ашылды, білім беру мекемесінің құрылысына 433 млн теңге бөлінді, деп Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Теміртау ауданының Промысел ауылында жаңа мектеп ашылды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен 433 млн теңге бөлінді», - деп хабарламада нақтыланған.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін балалар әр түрлі мекемелерде білім алды, 2010 жылы Промысел ауылындағы жалғыз мектепті қауіпті жағдайда тұр деп жауып тастаған. 320 орындық жаңа мектептің құрылысы 2011 жылы басталды.

Барлық жаңалықтар