- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҚЫҰ: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
ЕҚЫҰ: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
«Сайлауды ұйымдастыру мен дайындық жұмыстары тиімді болды. Барлық сайлау мерзімдері сақталып, Орталық сайлау комиссиясы және аймақтық сайлау комиссияларының барлығы сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етті. ОСК мәжілістері байқаушылар мен БАҚ үшін ашық болды. ОСК күн тәртібін сессия басталғанға дейін жариялаған жоқ, бірақ бұны заң талап етпейді. ОСК шешімдерінің барлығы кешігіп болса да арнайы сайтта жарияланып отырды»,-делінген миссия байқаушыларының баяндамасында.
ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерімен ҰҚШҰ байқаушылары да келіседі. Олар да сайлауға дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде өткендігін айтып отыр.
«Біз өзіміздің жұмысымызды аяқтап, қорытындысын шығардық. Бүгін біз ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы ашық, әділ, жариялы түрде өтті деп нық сеніммен мәлімдей аламыз»,-деді ҰҚШҰ байқаушылар миссиясының жетекшісі, Ресей Федерациясы Федералды жиынының Мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный ОСК-да өткен брифингте.
Ол сонымен қатар, Қазақстан халқының өзінің еріктерін жасырын дауыс беру арқылы тікелей жолмен, нақты әрі сенімді түрде жасағандығын атап өтті. Айта кететін мәселе, байқаушылардың барлығының баяндамаларында қазақстандық саяси жүйенің демократиялық деңгейінің жоғарылығы, тұрғындардың сана сезімінің айтарлықтай өскендігін айтылады. Жоғары патриоттық пен ұлттық сана-сезім Мемлекет басшысының сауатты саясат жүргізіп отырғандығын және оның реформаларының дұрыстығын көрсетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті