• Басты
  • Қазақстан Чернобыль Атом электр станциясындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион евро сомасында қолдау көрсетеді
30 Сәуір, 2015 10:08

Қазақстан Чернобыль Атом электр станциясындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион евро сомасында қолдау көрсетеді

Киевте Украинаны қолдау халықаралық конференция өтті, деп хабарлады СІМ.
Қазақстан Чернобыль Атом электр станциясындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион евро сомасында қолдау көрсетеді

Конференцияға қатысқан қазақстандық делегацияны Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова басқарды.

Ол ортақ сессияда сөйлеген сөзінде «Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы екіжақты қатынастар дәстүрлі достас және өзара құрметпен, ізгі ниеттілігімен ерекшеленеді. Екі ел арасындағы серіктестіктің нығаюы мен дамуына Елбасылар Нұрсұлтан Назарбаев және Петр Порошенко кездесулері мен келіссөздері зор ықпал етті. 2014 жылы 22 желтоқсанда Киевке сапарының нәтижелері бойынша, Елбасымен украиналық тараппен сауда-экономикалық ықпалдастықты белсендіру міндеті қойылды.

Сол себепті бүгін біз қазақстан-украиналық Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. МАК отырыстары барысында 2015-2016 жылдарға Қазақстан-Украина іс-қимылдар жоспарының жобасын талқылау көзделген, онда екі ел арасында отын-энергетикалық, агроөндірістік кешендерінде, көлік, ғылым, білім және басқа салаларда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған.

Украинада қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге уәде беріп, айтқан сөзінде тұрды. Ү.ж. 10 қаңтарда Северодонецк қаласында қазақстандық гуманитарлық көмек украиналық тарапқа 70 млн. теңгеге азық-түлік түрінде табысталған болатын. Сонымен қатар, Украина оңтүстік-шығыс өңірінің гуманитарлық қажеттіліктеріне Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы 30 000 АҚШ доллар шамасында қаржылық көмек жіберілді. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің жаңа жобасын жасалғалы жатырмыз. Қазақстан Үкіметі «Укрытие» Чернобыль қорын қаржылай қолдау көрсетуге және Чернобыль Атом электр станциясындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион евро сомасында үлесін беруге шешім қабылдады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды