- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Глубоковский ауданы «Жеңіс көктемін» қарсы алды
ШҚО-ның Глубоковский ауданы «Жеңіс көктемін» қарсы алды
Шара аясында «Мүмкін емес те мүмкін» қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы болды. Мерекеге ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шақырылды. Шара барысында аудан әкімі Арман Бекбосын Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған естелік медальдарды тапсырды.
Таратылған ақпараттар бойынша, шара оған жиналған азаматтың әрқайсысына соғыс кезіндегі заманды, ондағы халықтың тыныс-тіршілігін елестетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шараға қатысушыларға жеңіс лентасы таратылды. Мәдениет үйінің алдында соғыс кезіндегі кезеңдерден театрландырылған көріністер көрсетілді. Алаңда госпиталь, әскери редакция, далалық асхана салынып, онда шараға қатысушылар солдат ботқасынан дәм татты.
«Жеңіс көктемі» мерекесін атап өту барысында мүмкіндігі шектеулі жандар бірлестігінің өкілдері мүгедек жандарды қорғау мен қолдауға бағытталған «Мүмкін емес те мүмкін» атты ұйымның қызметімен таныстырды. Аталмыш ұйым азаматтардың жұмысқа орналасуларына қолғабыс етіп, оларға қажетті жағдайларды жасайды. Яғни ұйым мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірдің барлық салаларында өзгелермен бірдей тіршілік етуін мақсат етеді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары