• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлыбритания Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ұлыбритания Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29 Сәуір, 2015 20:27
Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға, орнықты дамуға және елді саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін құптайды және қолдайды», – делінген жеделхатта.

Ұлыбритания Премьер-Министрі Қазақстанға 2013 жылғы сапарын жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.

«Біз Қазақстанмен берік, ашық және даму үстіндегі өзара байланыстарымызды бағалаймыз, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің кең ауқымы бойынша бұдан да бекем қарым-қатынастар орнатуға бейілдіміз», – делінген құттықтауда. 

Барлық жаңалықтар