- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: ҰКП ҚР Президенті жанындағы ұлттық жаңғырту комиссиясына белсенді қатысуға дайын
А.Мырзахметов: ҰКП ҚР Президенті жанындағы ұлттық жаңғырту комиссиясына белсенді қатысуға дайын
«Бүгін салтанатты керемет күн болды, бұл бар халықтың Елбасымен бірге өткізген 25 жыл ішіндегі бірлік пен ауызбірішілік көрінісінің шыңы болды. Бүгін салтанатты аяқталу болды, өте әсерлі сәт, Президенттің сайлануындағы сөзі мен ант қабылдағаннан кейінгі сөзінде біз бір халық, бір ұлт екенімізді сезіндік. Біздің мақсатымыз айқын, мақсатымыз бір, оны өз дауысымызды беріп, бірлігімізді көрсету арқылы дәлелдедік», - деді А.Мырзахметов.
ҰКП басшысы Мемлекет басшысының ұлықтау салтанаты рәсімінде айтқан міндеттеріне назар салды.
«Президент 100 қадам туралы айтты, ҰКП ретінде біз экономиканы әртараптандыруға бағытталған бұл комиссияға белсенді атсалысуға дайынбыз, нақты жоспарлар бар, біз аймақтарды араладық, сондықтан қандай мәселелер кедергі болып отырғандығын білеміз және біз аталған комиссия құрамында жұмыс істеп, Мемлекет басшысы алдыға қойып отырған мәселелерді шешуге дайынбыз»,-деді ол.
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірде өтті. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 даусына ие болды, бұл - дауыс беру рәсіміне қатысқан сайлаушылар даусының 97,75 пайызы.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы