- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда «Шахимардан достарын шақырады» IX опера-балет өнерінің фестивалі ашылды
Павлодарда «Шахимардан достарын шақырады» IX опера-балет өнерінің фестивалі ашылды
«Павлодарда «Шахимардан достарын шақырады» IX опера-балет өнері фестивалі ашылды. Оған Сербия, Уркаина, Белорусь, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Түркияның атақты солистері қатысады», -делінген хабарламада.
Фестиваль Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсымен ашылды.
Павлодар сахнасында фестиваль бастамашысы ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов, «Астана Опера» опера және балет театрының солисі Жұпар Ғабдуллина, Гүлзат Дәуірбаева, Дина Хамзина, Болат Бүкенов, халықаралық байқау лауреаттары Эмиль Сақауов, Ербол Мұқанов, пианистер арасындағы халықаралық байқау лауреаты, Ұлттық Өнер Академиясының оқытушысы Данияр Есімханов қатысады.
Сонымен қатар, фестивальдің атақты қонақтары қатарында Серб ұлттық театрының солисі Бранислав Ятич, Ресей халық әртісі Владимир Ефимов, Украина халық әртісі Сергей Ковнир, Беларусь Үлкен театрының солисі Олег Мельников, Өзбекстан халық әртісі Нурмамин Султонов, Түркияның Самсун мемлекеттік опера театрының солисі Өзер Өндес, Башқұрт мемлекеттік опера және балет театрының солисі Резида Аминова, Краснояр мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері Анатолий Чепурной, Әзірбайжан мемлекеттік филармониясының солисі Нигяр Джабиева бар.
Аталмыш шара аясында Бронислав Ятичтің «Федор Шаляпин» кітабының тұсаукесері және Сергей Рахманиновтың 140 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды