• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұсақожаева: Әр қазақстандық отбасы өз тағдырын Н.Назарбаевқа сеніп тапсырды

А.Мұсақожаева: Әр қазақстандық отбасы өз тағдырын Н.Назарбаевқа сеніп тапсырды

29 Сәуір, 2015 15:38
Әр қазақстандық отбасы өз тағдырын Н.Назарбаевқа сеніп тапсырды, деп мәлімдеді мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, музыка қайракерлері одағының төрағасы Айман Мұсақожаева.

«Мен бүгін Елбасы айтқан жетістіктеріміз бен алдымызға қойған міндеттерін мақтан тұтамын. Барлық шаралар халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Біз бұл міндеттер елімізді бұданда биік белестерден көруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді  А.Мұсақожаева.

Оның айтуынша, Елбасының барлық бастамалары мен алға қойған міндеттері әрқашан жүзеге асырылып келген. «Қарапайым халық Президентке сенеді. Халық сенімінің қандай дәрежеде екенін сайлаудағы дауыс беру көрсеткіші көрсетті. Бұл әр қазақстандық отбасы өз тағдырын Н.Назарбаевқа сеніп тапсырғанын білдіреді», - деп атап өтті  А.Мұсақожаева.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар