Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО сержанттары тәжірибе алмасты

11 Қазан, 2013 09:46
Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің дербес бағдарламасын жүзеге асыру жоспары бойынша Құрлық әсерлері Әскери институтының базасында ҚР ҚК сержанттар корпусының өкілдері НАТО біріккен қолбасшылығы штабының сержанттар құрамымен кездесті,деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында қазақстандық сержанттар Қазақстан Қарулы Күштеріндегі сержанттар корпусының дамуы туралы ақпараттарын бөлісті. Сержанттар құрамы Қарулы Күштер басшылық құрамының айтарлықтай көп бөлігін құрайды және әскерлердің басқару жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Бөлімшенің жауынгерлік дағдысы сержанттардың беделіне, олардың жеке дайындығына, жеке құрамға үлгі болып, олардан талап ете білуіне байланысты», - деп хабарламада нақтыланған.  

«Бүгінде Қазақстан сержанттары әртүрлі техникалық мамандықты игерген, қазіргі заманғы қару-жарақ пен техниканы меңгеріп қана қоймай, психологиялық және педагогикалық білімі қалыптасқан, қажет кезінде офицерлерді ауыстырып, бөлімшеге қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті мамандардан тұрады», - деп ведомство хабарламасында жазылған.

Қазақстан Қарулы Күштері мен НАТО бірікен күштері қолбасшылығы штабы сержанттарының кездесуі мазмұнды өтті. Тараптар пікір алмасу кезінде күнделікті қызметтері бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар кездесу олардың  ой-өрістерін кеңейтіп, алдағы жұмыстарына қажетті тәжірибе бергенін айтты.

Барлық жаңалықтар