- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі ДЭЫҰ мүше елдердің стандартына бейімделеді
Н. Назарбаев: Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау жүйесі ДЭЫҰ мүше елдердің стандартына бейімделеді
«Әлемде өздеріңіз білетіндей қазақстандық экономикалық ғажайып термині пайда болды, шынында да біз аз уақыт ішінде қыруар іс атқардық, көптеген мемлекеттер 100 жылда жүріп өтетін жолды басып оздық. Бүгінде қазақстандықтар біздің аймақтың экономикалық көшбасшысы. Алайда тоқтап қалуға болмайды, реформа білімге негізделген ұлттық экономиканы ала шығарады», - деді Елбасы.
Ұлт көшбасшысы атап өткендей, реформаның негізгі міндеті халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту.
«Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз құрылымдық реформа жүргіземіз. Білім беру мен денсаулық сақтау дамытудың экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттарына бейімделеді», - деп баса айтты Н. Назарбаев.
Президент атап өткендей, экономиканы әртараптандыру трансұлттық компанияларды қайта өңдеу саласына тарту арқылы жүргізіледі, бұл өз кезегінде Қазақстанға әлемдік нарықта үлкен қадам жасауға мүмкіндік береді.
«Біздің мемлекетіміз Еуразияның логистикалық орталығына айналады. ЭКСПО-2017 жоғарытехнологиялы инфрақұрылым базасы негізінде Астана қаржы орталығы құрылады, оның ерекше статусы болмақ», - деп сендірді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау - Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті.
Белгілі болғандай, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдың 26 сәуірінде Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев халық дауысының 97,75%-ын жинады. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті. Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлаушылар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады