• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Ұлттың сапасы пен халық рухының күші - мемлекет дамуының анықтаушы факторы

Н.Назарбаев: Ұлттың сапасы пен халық рухының күші - мемлекет дамуының анықтаушы факторы

29 Сәуір, 2015 12:43
Ұлттың сапасы пен халық рухының күші - біздің мемлекетіміздің дамуының басты анықтаушы факторы. Бұл туралы Астанада өткен ұлықтау рәсімі барысында Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Реформа тек мемлекеттің ғана ісі емес, ол халықтың да міндеті,  ұлтты жаңғырту реформасының негізінде халық рухының күші, қауіп-қатерлер мен қиындықтарды қабылдай білуі, тек алға жылжу біздің мемлекетімізідң сәтті дамуының анықтаушысы болған және алдағы уақытта да солай бола бермек. Мен реформаларды кезең-кезеңімен жүргізу қажет деп есептеймін. Бірінші, мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау ашық, тмиімді үлгі қалыптастырады, оның аясында мемлекеттік қызметкерлер азаматтардың құқықтарына құрметпен қарап, заңды мүдделерді қорғайды»,-деді Мемлекет басшысы.

«Реформа сот жүйесін әділетті, инвесторларға қолжетімді ете түседі, жеке мүлікке қол сұғушылық тоқтатылады», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев атап өткендей, инвестициялық әділет пен халықаралық төрелік  орталық халықаралық тәжірибе үлгісі бойынша елдегі бизнес-ахуалды әлем бойынша тартымдылығын арттыруы керек.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты  ұлықтау рәсімі өтті.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар