ҚР-да 159 алғашқы - санитарлық көмек ұйымы медициналық тіркеуден өтуде

11 Қазан, 2013 09:43
Қазақстанда денсаулық сақтау мекемелері халықаралық ережелерге сай келуі мен медициналық қызмет сапасы бойынша тіркеуден өтуде, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Медициналық көмектің сапасы мен халықаралық ережелерге сай келуі бойынша қазіргі таңда еліміздің 159 алғашқы-санитарлық көмек мекемелері тіркеуден өтуде. Республика бойынша 42 сарапшы тобы аталмыш денсаулық сақтау ұйымдарын бағалауда», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, медициналық ұйымдарды тіркеу – медициналық мекемелер пациенттерді емдеуге барлық жағдайлардың жасалғанын ресми тану болып табылады.

«Тіркеу стандарттары жалпы адамзаттық құндылықтарды жариялайды, емханаларда пациенттер дөрекілікке бармау керек, мекеме нормаларға сай келуі керек, мүмкіндігі шектеулі жандар денсаулық сақтау орындарында өздерін жайлы сезіну керек, бұл деген кіреберісте пандус пен мүгедектер арбасы тұруы керек деген сөз. Тіркеу жайында айтар болсақ, бірінші кезекте пациенттерді ескереміз, барлығы азаматтардың игілігі үшін. Сонымен қатар, жұмыс талабы мен пациенттердің құқы мен мүмкіндіктері әрқашан ескерілуі керек», - деді ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы директорының орынбасары Дәулетхан Есімов.

Хабарламада айтылғандай, тіркеуден сәтті өту медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алудың бірден бір талабы болмақ.

Осылайша тіпті жеке меншік клиникалар да мемлекеттік тапсырыс ала алады. Яғни, медициналық тіркеуден өту денсаулық сақтау мекемелері үшін пациенттерге жағдай жасау мен қызмет сапасын көтеруге себеп.

Аталмыш тіркеудің алғашқы қорытындылары ағымдағы жылдың қазан айының соңында жарияланады. 

 

Барлық жаңалықтар