- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау барысындағы қоғамдық қолдау Н.Назарбаевқа жалпыхалықтық көшбасшы мәртебесін түбегейлі бекітіп берді - ҚСЗИ
Сайлау барысындағы қоғамдық қолдау Н.Назарбаевқа жалпыхалықтық көшбасшы мәртебесін түбегейлі бекітіп берді - ҚСЗИ
Баяндамада 2015 жылы өткен Президенттік сайлаудың барысы толық көрініс тапқан және еліміз үшін партиялық-саяси жүйенің маңызы да қамтылған.
«Бұл ҚЗСИ-дің отандық және шетелдік сарапшыларымен бірігіп жасаған алғашқы тәжірибесі. Жұмыс тобының құрамына ҚЗСИ сарапшылары Юрий Булуктаев пен Мадина Нұрғалиева және тәуелсіз сарапшы Марат Шибұтов, «Vласть» интернет-журналының бас редакторы Вячеслав Абрамов бар. Баяндаманың ойтүйіндерін талқылауға «Джеймстауын» қорының сарапшысы («Jamestown Foundation», АҚШ) Джейкоб Зенн қатысты. Ол 2015 жылдың 26-сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауына халақыралық байқаушы ретінде қатысқан»,-деп хабарлайды ҚЗСИ.
Баяндамада Президенттік сайлау елдің саяси өмірі мен экономикасындағы одан арғы өзгерістердің катализаторы және шешуші кезеңі болғандығы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасында жария етілген 5 институционалды реформаны жүзеге асыру орталық және аймақтық деңгейде айтарлықтай жүйелі және институционалды өзгерістерді қажет етеді.
Сайлаудан кейінгі күн тәртібінде тұратын шешуші саяси мәселелердің бірі президенттік реформалардың басталуы мен мемлекеттік аппаратты реформалау және партиялық-саяси жүйені одан әрі жаңғырту болады.
Сонымен қатар, баяндамада осы жолы өткен Президенттік сайлау бойынша шешуші түйіндер көрініс тапқан. Де-факто қоғамдық қолдаудың деңгейі қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жалпыхалықтық көшбасшы ретіндегі мәртебесін мойындап, оны бұралата бекітіп бергені болды. Ал сайлаушылардың дауыстарының көптігі халықтың саналы түрде дауыс бергендігінің және олардың Елбасына деген нық сенімі мен Президент алған бағытты түбегейлі қолдайтындықтарының көрінісі.
Қоғамда Конституциялық реформа күтілуде, дәлірек айтсақ Парламент ролін нығайту, мемлекет аппаратының ашықтығын жақсарту, қоғамның мемлекет өміріне етене араласуын арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейту.
Кандидаттардың сайлауалды насихат барысына мониторинг және сараптама жасау, интернеттің еліміздің медиа саласындағы ролінің айтарлықтай екенін көрсетті. Заманауи ақпараттық технологиялардың сайлауалды науқанында кеңінен пайдалану қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен азаматтық белсенділігін арттырды, ол өз кезегінде сайлаушылардың келу деңгейіне әсер етті.
Қазақстан өзінің сыртқы саясаттағы бағытын жалғастырады. Қазақстан Еуразиялық Одақта еркін экономикалық аймақ, шетелдік инвестицияларды тарту мен бизнеске қолдау көрсету ролін атқаратын болады.
Айта кетерлік жайт, баяндамада Қазақстанда өткен 2015 жылғы Президенттің кезектен тыс сайлауы мен ондағы кандидаттарды ұсыну барысы, сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат материалдары, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың әсері, сайлау барысы жайлы ақпарат тарату, exit-poll нәтижесі, сайлаушылардың келуі мен дауыс беру нәтижесі, қоғамдық және БАҚ пікірлер туралы жан-жақты сараптамалық материалдар бар.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады