- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру рәсімі өтеді
Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру рәсімі өтеді
Қайта сайланған Мемлекет басшысы Қазақстан халқынының алдында ант береді. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдың 26 сәуірінде Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев халық дауысының 97,75%-ын жинады. Сайлаушылардың келуі рекордтық көрсеткіш 95,22% көрсетті. Сарапшылардың пайымынша, дәл осы сайлау өзінің сайлаушылар санының көрсеткішімен әлемнің сайлау тарихына енеді.
Айта кетерлік жайт, Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өтті. Елбасы алғашқы сайлауда сайлаушылардың 98,7% дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Екінші ант беру рәсімі Астанадағы Конгресс-Холлда 1999 жылы 21 қаңтарда өтті. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 80%-ға жуық дауысын жинады.
Үшінші ант беру рәсімі Ақордада 2006 жылы 11 қаңтарда өтті. 2005 жылы 4 желтоқсандағы Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Елбасы 91,15% дауыс жинады. Ал, төртінші ант беру рәсімі 2011 жылы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында болды. 2011 жылдың 3 сәуіріндегі сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысын иемденген болатын.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”