- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 13-ші отырысы өтті
Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 13-ші отырысы өтті
Қазақстандық делегацияны аталмыш іс-шаралардың екеуінде де Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, ал Еуропалық делегацияны Еуропалық Одақтың сыртқы әрекеттер қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, аймақтық ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ мәселелер жөніндегі директоратының директоры Гуннар Виганд бастады.
Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті жан-жақты кеңейту мен күшейту саясаты шеңберінде комитет отырысына қатысушылар сауда мен инвестициялар, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлермен күресудегі бірлескен күш-жігерлер мен адам құқықтарының қамтамасыз етілуі мәселелерін қозғады.
Жаңа Келісім бойынша келіссөздер жұмыс топтары мен пленарлық сессия форматында өтті, тараптар болашақ Келісім жобасының саяси, сауда-экономикалық, құқықтық, қаржылық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қамтитын барлық тарауларын пысықтады.
Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың сапалы жаңа, анағұрлым жетілген деңгейін көрсетудегі және олардың ұзақ мерзімді тең құқылы әріптестігінің берік негізін қамтамасыз етудегі Келісімді дайындауға өз мүддесін тағы бір мәрте растады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты