Қазақстанда жол бойындағы жүйе белсенді дамытылуда - ҚазАвтоЖол

28 Сәуір, 2015 19:54
Қазақстанда жол бойындағы жүйені дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов хабарлады.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүйе нысандарының жалпы саны 3 028 дананы құрады, олардың жартысы  сауда және тамақтану пункттері, 35 % - ЖЖБ, 9 % - ТҚЖ, 4 % - қонақ үйлер және т.б. «Бұл нысандар автожолды пайдаланушылар үшін өте аз, оның ішінде транзиттік және автобус қатынастары үшін тіптен аз», - деп атап өтті Басқарма төрағасы.

«Бүгінде біз еуропалық кеңесшілермен жол бойы жүйесінің нысандарын бағалап жатырмыз. Бізге республикалық маңыздағы автожолдардың бойындағы нысандардың саны мен конфигурациясын анықтау керек», - деп толықтырды ол.

Бұл жұмысқа облыс әкімдіктері тартылды. Ағымдағы жылы 27 нысанның құрылысын бастау көзделуде. 

Барлық жаңалықтар