Н.Назарбаевты Малайзия Премьер-Министрі сайлаудағы жеңісімен құттықтады

28 Сәуір, 2015 17:32
Елбасы Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Наджиб Тун Разак Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы тарихи жеңісімен құттықтады.

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар екі мемлекеттің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті.

Телефонмен сөйлесуге Малайзия тарапы бастамашылық етті. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар