- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада Қазақстан 2013 жылғы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
Ақордада Қазақстан 2013 жылғы Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
Хабарламада жазылғандай, аталмыш сыйлықты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы азаматтарына мынадай жетістіктері үшін береді:
– республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, Қазақстанның ғылымы мен техникасының әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері үшін;
– бір саладағы қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстары үшін;
– техниканың, материалдар мен технологиялардың әлемдік баламалары немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін.
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына 2013 жылы барлығы 19 жұмыс түсті.
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және сараптамалық-талдамалық бағалау қорытындысы жөніндегі комиссияның осының алдындағы отырысында (биылғы 12 маусым) жұмыстар бұдан әрі конкурсқа қатысу үшін іріктелді.
Аталған жұмыстар жөніндегі мәліметтер кеңінен қоғамдық талқылаудан өту үшін БАҚ-та жарияланды. Талқылау кезінде 300-ге жуық пікір (рецензиялар, хаттар, басылымдағы жарияланымдар), соның ішінде шетел ғалымдарынан 116 пікір келіп түсті. Ұсынылған пікірлер мен рецензияларды ескере келіп, конкурстық жұмыстар секциялық сарапшылар отырыстарында қаралды.
Комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 3 жұмыс бекітілді.
Мемлекеттік сыйлық лауреаттарына марапаттар дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күні тапсырылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы