- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ҚХА жылына орай «Бір шаңырақ астында» форумы болып өтті
ШҚО-да ҚХА жылына орай «Бір шаңырақ астында» форумы болып өтті
Форумда «Ұлттық шығармашылықтың, мәдениеттің дамуына, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін» облыс көлеміндегі 11 Достық үйі марапатталды.
ШҚО ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Достық үйлерінің директорлары, сыйлы ардагерлер мен ақсақалдар бас қосқан форум аясында ұйымдастырылған ШҚО ҚХА ХХІ сессиясы «Этноауыл» кешенінде ұйымдастырылды. Жиында өңір басшысы Даниал Ахметов жиын қонақтарымен этносаралық келісімді нығайту бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
« Бүгінгі Ассамблея – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының айшықты нәтижесі. Осы уақытқа дейін «20 жарқын іс» акциясы аясында облыста 540 шара өткізілсе, алдағы «Бірлік күні» қарсаңында өңірде 300-ден аса әр-түрлі шара ұйымдастырылады», – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы сонымен қатар, қоғамдық келісімнің бірегей қазақстандық моделін одан ары нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасын табатынын, биылғы жылыАягөз, Зайсан, Көкпекті, Үржар аудандарында Достық үйлерін ашу жұмыстарының маңыздылығын айтып өтті.
Бұдан кейін ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Аязбаев, аймақтағы Достық үйлерінің директорлары ҚХА жылына орай аймақтарда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиын соңы мерекелік концертке ұласып өңір басшысы аймақтағы 11 Достық үйінің директорларына сыйлықтар табыс етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті