- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҰОС ардагерлері қоғамдық белсенді қызметі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды
Алматыда ҰОС ардагерлері қоғамдық белсенді қызметі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды
ҚР Президентінің «Мемлекетке сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығына орай» Жарлығымен мемлекеттік марапатқа 48 алматылық ардагер ұсынылған-ды, олардың ішінде ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - 1, «Құрмет» орденімен - 15, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 17 және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен - 15 ҰОС-ның ардагерлері мен тыл еңбеккерлері марапатталды. Алматы әкімі ардагерлерді алда болатын Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен және ҰОС Жеңіс күнінің 70 жылдығымен құттықтады.
Қала әкімі Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында елімізде қазақстандықтарға, соның ішінде ардагерлерге барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын айтты. Мысалы, мерекелік датаға орай ҰОС-на қатысушыларға республикалық бюджеттен 25 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, ал жергілікті бюджеттен 30 мыңнан 150 мыңға дейін бір реттік жәрдем ақша бөлінгендігін жеткізді.
«Бұрынғы Кеңестер Одағының бірқатар елдерінде осынау ұлы оқиға аталмайды, ал бізде, Қазақстанда ардагерлерге барынша үлкен қамқорлық көрсетіліп, қосымша ақшалай қаржы бөлінуде. Тағы бір атап өтерлік жайт, біздің Президентіміз қоғамдық өмірге белсенді қатысып жүрген ардагерлерді мемлекеттік наградаларға ұсыну жөнінде арнайы өкім шығарды», - деді Ахметжан Есімов.
Бұдан өзге ҚР Президентінің Жарлығымен алматылық 23 855 ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және блокадада болғандар «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне» арналған бірыңғай мерекелік медалімен марапатталды.
Қазіргі кезде Алматыда 817 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері тұрады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады