- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қаласының КП Қырғызстанның дуальды білім беру саласының өкілдерімен тәжірибе алмасты
Астана қаласының КП Қырғызстанның дуальды білім беру саласының өкілдерімен тәжірибе алмасты
«Дуальды картаның жобасына 8 ыңғайластырылған ұйым енгізілген, олар бойынша 390 адам 9 мамандықты игеріп шығуы керек. Қазіргі таңда колледждер, жұмыс берушілер, білім беру басқармасы мен астаналық палата өкілдерімен 15 төртжақты келісім жасалды. Сонымен қатар, біз техникалық және кәсіби білім беру мамандарын дайындауға мақсатты мемелекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін бизнестің кадрларға деген сұранысына салалық мониторинг жүргізудеміз. 2014-2015 жылдары палата 250 компанияда болып, олар түрлі мамандықтар бойынша 9000 вакансияға деген сұраныс жөніндегі мәліметтерді ұсынды. Палата Аға сарапшылар қызметі өкілдігімен белсенді жұмыстар жүргізуде. Әріптестік аясында қаланың қызығушылық танытқан түрлі ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ мейманханалық, мейрамханалық және өзге де салалар бойынша сарапшыларды тарту жөнінде консультациялар жүргізілуде»,-деді Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер бойынша директорының орынбасары Айтуған Омаров.
2014-2015 жылдардағы 14-сәуірде астаналық палатаның мониторинг жұмыстарының нәтижелері бойынша, Астанадағы мемлекеттік білім беру тапсырыстарын қалыптастыру мақсатында сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалды. Олардың арасында тас қалаушы, темір желімдеуші, сылақшы, бетон құюшы, фасад жүйелерінің монтажшысы, желдеткіш жүйелерінің монтажшысы, сантехник сияқты кәсіптер бар.
«Біз жұмыс берушілермен жұмыс істеп үйрендік. Жұмыс берушімен әлеуметтік әріптес болу – колледждің сыртқы бақылауы. Оқу-әдістемелік кешені жұмыс берушілермен келісіледі, өйткені солар арқылы ғана берілетін білімнің талапқа сай екендігін анықтауға болады. Инвестицияланған қаржы мен жастардың білім алуға кеткен 4 жыл уақыт оларды өте мықты сұранысқа ие мамндық иесіне айналдыруы қажет»,-деді «Казпотребсоюз сауда-экономикалық колледжі» директоры Мырзабек Кужимов.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай