- Басты
- Жаңалықтар
- «Тұлпар-Тальго» пойыздарында қызмет көрсету сапасы арта түспек
«Тұлпар-Тальго» пойыздарында қызмет көрсету сапасы арта түспек
Бүгінде «Тұлпар-Тальго» жолсеріктеріне деген қосымша біліктілік талаптары қойылып отыр. Мысалы, «Бизнес», «Гранд» вагондарының қызмет көрсету персоналы жоғары біліммен қатар қазақ,орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.
Қазір пойыз бастықтары мен жолсеріктер арнайы білім орталықтарында ағылшын тілін үйренуде. Бұдан бөлек кәсіби жаттықтырушы-кеңесшілер арнайы тренингтер өткізіп, онда өзін-өзі ұстау этикасына, сөйлеу мәдениетіне, қызмет көрсету стандарттарына, кикілжіңді жағдайларды шешу мәселелеріне баса назар аудармақ.
Жаңа біліктілік талаптарын ескере отырып, жолсерік мамандығының беделін арттыру мақсатында олардың жалақыларын кезең-кезеңмен көтеру көзделіп отыр. 2017 жылға дейін жолсерік жалақысы орташа есеппен 50 пайызға дейін көтерілмек.
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Бизнес», «Гранд»вагондарында кезең-кезеңмен жаңа қызмет түрлерін енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, жолаушыларға 4 түрлі мәзірден тұратын тегін тамақ ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, сапар барысында пойыздардаWi-Fi жүйесі – ішкі мультимедиялық портал ұйымдастырылмақшы. Портал арқылы жолаушылар жаңалықтар тыңдап, лицензиялықфильмдер мен музыкалық бағдарламарды т.б. тамашалай алады.
Сонымен қатар, «Бизнес», «Гранд»вагондарында жолға қажетті заттар (тіс пастасы, щеткасы,тарақ,майлық,шәрке т.б.) мен балаларға арналған арнайы топтамалар қарастырылған. Астана, Алматы және облыс орталықтарында жолаушылардың тапсырысы бойынша алдын ала такси шақыру қызметі де жоспарланып отыр. «Тұлпар-Тальго»пойыздары үшін арнайы жол сапар журналы шығарылмақ
2016-2017 жылдары осындай қызмет көрсету сапасын көтеру жұмыстары басқа да жолаушылар пойыздарында іске асыру жопарланып отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары