2013 жылдың қыркүйегі бойынша әкімдердің рейтингі жарияланды

10 Қазан, 2013 19:07
«Саясат-Monitoring» тобы мен «Время» газетінің жобасы шеңберіндегі зерттеу қорытындысы бойынша әсерлі облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды.

«1-8 қазан аралығында 30 сарапшыдан сауалнама жүргізілді. Олардың ішінде саясаттанушылар, политехнологтар мен журналистер бар. Сауалнама қорытындысы бойынша, 2013 жылдың қыркүйек айындағы әсерлі облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды. Облыс әкімдерін бағалау бірнеше көрсеткіштер бойынша анықталды», -деп хабарлайды «Саясат-Monitoring» тобының веб-порталы.

Қыркүйек сауалнамасы бойынша Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов көшбасшылық орнына қайта оралды. Респондеттердің айтуынша, Есімов өзінің ағымдағы жұмысынан басқа аяқ астынан туындаған мәселелерді де шеше білген. Соның ішінде концерттегі бұзақылық пен сауда орнындағы өрт және басқалары бар.

Екінші орынға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов орналасқан.

Үшінші орында өткен айда ҚР Президентінен жақсы сөз естіген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов

Рейтингтің аутсайдерлері қатарында Ақтөбе мен Ақмола облысы әкімдері бар.

 

 

 

Барлық жаңалықтар