- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Парламент депутаттары «Астана-Щучинск» ақылы жолында болып қайтты
ҚР Парламент депутаттары «Астана-Щучинск» ақылы жолында болып қайтты
«Жергілікті көліктерге жеңілдік ретінде Ақмола облысының 5 ауданында тіркелген автокөлік құралдарының жүріп өтуіне жеңілдік ретінде абоненттік төлем енгізілді. Абоненттік төлемнің жылдық көлемі 1000 теңге», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.
Айта кетерлік бір жағдай, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ақылы жолмен жүріп өту төлемі ең төмен болып саналады. Оның себебі, тарифті есептегенде магистральді салуға жұмсалған қаражат емес, оны жыл бойы күтіп ұстау мен жөндеу шығына ғана ескерілген.
Ақылы автожолды пайдаланғандағы үшін бүгінгі күнгі алым мөлшері 334 млн. теңгені құрайды. Онда да биылғы жылдың басынан бері учаскені ағымдағы жөндеуі мен күтіп ұстауына 895,6 млн. теңгенің жұмысы жасалды. Ол жұмыстарға жол жамылғысын жөндеу, жол төсемін қардан тазарту, жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын жөндеу мен ауыстыру, телекоммуникациялар мен жарық беру қызметі, күзету, арамшөптерді қырқу және маңайындағы аумақтардың қоқысын жинау, сол сияқты демалу арналған алаңдарды күтіп ұстау кіреді.
«Астана-Щучинск» автомагистралін қысқы мерзімде пайдалануға әзірлеу жұмыстарының аясында ағымдағы жылғы қараша айының аяғына дейін ұзындығы 10,1 км темір-бетон қоршау жасау жоспарлануда. Оның 48% қазірдің өзінде жасалып бітті. Сонымен бірге, қар ұйытқуы көбірек болатын учаскелерде қарға тосқауыл қалқандар қойылып, жол-пайдалану учаскелері қосымша арнайы техникамен жарақтандырылады.
«Астана - Щучинск» учаскесінде жүріп өтуге ақы төлеу енгізілуіне байланысты, жол төсемінің жоғары сапалық деңгейін ескере отырып, жүк автокөлігінің білігіне түсетін рұқсат етілген жүктеме 11,5 тоннаға дейін көбейтілді. Осы арқылы тасымалдаушылар қосымша ақы немесе айыппұл төлемей-ақ тасымалдайтын жүк көлемін ұлғайтуына мүмкіндік алды. Бүгінде «Астана-Щучинск» учаскесіндегі көлік құралдарының, оның ішінде жеңіл, жүк көлігі және автобустары бар, қозғалыс жиілігі тәулігіне 5 500-ден 7 000-ға арлығында болып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары