- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында «Жәрдем» медпойызының мамандары 300 адамға қызмет көрсетті (Фото)
Қызылорда облысында «Жәрдем» медпойызының мамандары 300 адамға қызмет көрсетті (Фото)
««Қазақстан Темір Жолы» АҚ–мен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Жәрдем» пойызы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық пойыз 23 сәуірден 14 мамырға дейін Қызылорда облысына келді. Белкөл кенті, Қараөзек ауылдық округі, Жосалы стансасының және басқа да шалғай жатқан елді мекендері тұрғындарының облыстық диагностикалық орталық деңгейіндегі жоғары білікті мамандар мен дәрігерлерден, тегін медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.
Медициналық пойыз бригадасы құрамында негізгі мамандықты иеленген дәрігерлер бар: терапевт, бала дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, құлақ-тамақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері. Олардың бәрі де жоғары білікті дәрігерлер.
Осы пойызда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған 17 медициналық кабинет қызмет көрсетеді. Лабораториялық, жалпы және биохимиялық қан және несеп талдауларын жасау үшін қазіргі заманғы құралдармен, рентгенографиямен және флюорографиямен, ішкі органдар мен тамырларды УЗИ-аппаратымен тексеру, электрокардиограмма, компьютерлік спирография және басқа да диагностикалық зерттеулер жасайды.
Медициналық пойыздың емделушілері жоғары білікті арнайы мамандардан кеңес алуға, шағын оталар жасатуға, оның ішінде урологиялық және гинекологиялық, сонымен қоса тіс емдетуге мүмкіндіігі бар.
Тек қана Белкөл кентіндегі 2 күннің өзінде 300-дей адам дәрігерлік тексеруден өткен. 200-ден астам адамға медициналық және лабораториялық талдаулар жасалған. Көбіне елді мекен тұрғындары тіс ауры, жүйке жүйесі, қан айналымы, қалқанша безінің ауруларына шағымданған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба