• Басты
  • Н.Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің басшыларынан ҚР Президенті сайлауындағы жеңісіне байланысты құттықтаулар алды
27 Сәуір, 2015 18:06

Н.Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің басшыларынан ҚР Президенті сайлауындағы жеңісіне байланысты құттықтаулар алды

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекет басшыларынан ҚР Президенті сайлауындағы бірегей жеңісі үшін құттықтау алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің басшыларынан ҚР Президенті сайлауындағы жеңісіне байланысты құттықтаулар алды

Бүгін Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы Елбасын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанды ілгерілету мен өркендетуге бағытталған ауқымды реформалардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар жөнінде пікір алмасты. 

Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті. Виктор Орбан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және Қазақстан халқының алдында тұрған ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға тілестік білдірді. Сондай-ақ Венгрия Премьер-Министрінің Қазақстанға сәуірде жасаған сапарының қорытындыларын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастардың келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Астрахань қаласында 2014 жылғы 29 қыркүйекте өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Төртінші саммитіндегі кездесуде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Елбасы Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті. Телефон арқылы сөйлесу барысында  Томислав Николич  Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Қазақстан Президенті  Сербияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Украинадағы дағдарысты реттеуге және Ұйымға мүше елдердің сындарлы диалогын дамытуға қызмет етеді деп үміттенетінін жеткізді. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды