• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

10 Қазан, 2013 18:03
Бүгін, 10 қазан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына орай Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Әзербайжанды одан әрі жан-жақты дамытуға және гүлдендіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірген.

« Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті соңында И.Әлиевке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген. 

 

Барлық жаңалықтар