- Басты
- Жаңалықтар
- 2011 жылы өткен Президент сайлауымен салыстырғанда алматылықтардың электоралді белсенділігі 9%-ға өсті- Есімов
2011 жылы өткен Президент сайлауымен салыстырғанда алматылықтардың электоралді белсенділігі 9%-ға өсті- Есімов
Аталған шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, жастар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, кандидаттың Алматыдағы қоғамдық штабының мүшелері - жалпы саны 5 мыңнан астам адам қатысты. Қала басшысы жиналғандарды Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауындағы ірі жеңісімен құттықтады және дауыс беру нәтижесінің Қазақстан үшін маңызды кезең екенін атап өтті.
Әкім Елбасының сындарлы саясаты арқасында Тәуелсіздік жылдары ауқымды өзгерістер мен түбегейлі реформалардың жүзеге асқанын айтты. Алматы ірі халықаралық шаралар өтетін орынға әрі елмізідің қаржы, мәдениет пен спорт, туризм орталығына айналды. Тек соңғы бес жыл ішінде қала экономикасы екі есе өсті, қалалықтардың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Адам саны өсіп, өмір сүру жасы ұзарды.
«Бүгінгі таңда бүкіл әлем алдында шешімін күткен істер тұрған кезде республиканы тұрақтылық пен одан әрі дамуға жетелейтін адам - Елбасының бар екенін сезіну көңілге қуаныш ұялатады», - деді Ахметжан Есімов.
Бұлардан өзге, бұрындары өткен сайлауға қарағанда алматылықтардың, соның ішінде жастардың электоралді белсенділігінің өскендігін атады. Мысалы, сайлау учаскелеріне 78% қалалық немесе 800 мыңнан астам адам келген. Егер бұрындары өткен сайлаулармен салыстырсақ, 2005 жылы 52%, 2011 - 69% адам дауыс берген.
«Мегаполис республикада болып жатқан барлық өзгерістердің алдыңғы сапында әрі барлық қоғамдық-саяси оқиғалардың орталығына айналуда. Қала тұрғындары қашанда прогрессивті және белсенді азаматтық позиция ұстанады. Ерекше атап өтетін жайт, жастар электоралды процесстерге белсене араласуда, ал бұл олардың бойында кемел азаматтық позицияның, еліміздің болашағына деген зор сенімнің қалыптасқандығын көрсетеді», - деді Ахметжан Есімов.
Шара соңы отандық эстрада жұлдыздары мен қаланың жетекші ұжымдарының концертіне ұласты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы