- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президентінің арнайы елшісі Жаңа Зеландияда болды
Қазақстан Президентінің арнайы елшісі Жаңа Зеландияда болды
Сенат өкілдерінің хабарлауынша, сапар барысында арнайы елші Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Герард ван Бохеманмен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа Зеландия Премьер-Министрі Джон Киге жолдаған жолдауын табыс етті.
Жаңа Зеландия тарапы жоғары баға беріп, Қазақстанның халықаралық және аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын, нақтырақ айтқанда, жаһандық ядролық қарусыздану мен оны таратпау саласындағы бастамалары мен Ауғанстанды соғыстан кейін экономикалық және гуманитарлық жағынан қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдайтындықтарын білдірді.
Герард ван Бохеман елдегі этникааралық және конфессияаралық үйлесімділікке ерекше көңіл бөлді. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы институты мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ерекше рөлін атап өтті. Жаңазеландиялықтарға сонымен қатар, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы басты оқиғалар туралы, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы баяндалды. Бұған қоса арнайы елші Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты да дайындық шаралар туралы айтып берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді