- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда жеңімпаздар форумы өтті (Фото)
Талдықорғанда жеңімпаздар форумы өтті (Фото)
Форумның шымылдығын құттықтау сөзімен ашқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласындағы «Сарыақра» велотрегінен тікелей желі арқылы халыққа ізгі тілегін жеткізіп, алдағы үлкен міндеттерді бірге атқаратынына сенім білдірді. «Жасалып жатқан игі істердің барлығы да ел үшін, болашақ үшін, жастар үшін. Сондықтан біз Мәңгілік ел құру жолында барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз», - деді.
Мұнан соң да құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов:«Елімізде кеше ғана үлкен саяси науқан - Президент сайлауы өтті. Сайлауда келешегі кемел елдің тағдыры, ұлттың болашағы шешілді. Халқымыз өзінің таңдауын жасады. Алматы облысы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлын бірауыздан қолдап, үлкен белсенділікпен дауыс берді. «Басшысы кемеңгер елдің бағы жанады» деген. Біздің алдымызда зор міндеттер тұр. Оның ең бастысы - Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосу. Бұл асуды біз Президентімізбен бірге алатынымызға сенімдімін», - деді.
Форум барысында сөз сөйлеген саяси, қоғамдық және жастар ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері көпшілікті ортақ жеңістерімен құттықтады.
Еңбек ардагері Диан Нұрғалиева облыстағы 190 мыңнан астам ардагердің атынан сайлауға бір кісідей қатысып, Елбасымызды қолдаған жетісулықтарға ризашылығын білдіріп:
«Біздің жолымыз Президентіміздің нұрлы жолымен бірге. Бұл - біздің жеңісіміз, елдің жеңісі», - деді.
Еңбек ардагері Валерий Сапожников өзінің Қазақстандай тұрақтылық пен келісім салтанат құрған елде, Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген басшысы бар елде тұратынын мақтан ететінін айтты. «Біздің әулетіміздің үшінші буыны осы елде өсіп-өніп отыр. Өзім осы өлкеде ғылыммен айналысып, кандидаттық, докторлық қорғадым, балаларым осы жерде оқыды, азамат болды. Қазақстан жасай берсін!», - деген тілегін жеткізді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті