- Басты
- Шалғай елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды
Шалғай елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

«2015 жылғы 16 наурыз бен 24 сәуір аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 4053 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды», - делінген хабарламада.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 4053 азаматтың 2521-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1018 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 514 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.
Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 24 сәуір аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 521 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 1085 рет, оның ішінде жоспардан тыс 11 рет барды.
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша 481 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.
Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.
-
Үкімет сағатында АӘК жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру талқыланды
Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның басшылығымен кезекті Үкімет сағаты өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңа тәсілдері, оны іске асыру тетіктері, аталған салада орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
09 Желтоқсан 2019, 17:55
-
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды. Әр сала бойынша жіктелген 10 номинация шеңберінде жастарға құрмет көрсетілді. Биыл сыйлыққа үміткерлерден 250-ден астам құжат келіп түскен, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 16:36
-
Меморгандар арасында байланыстың болмауы мүгедек жандарға тұрақты проблемаға айналды - Н.Төреғалиев
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге байланысты жұмыс тобының қорытынды отырысы болды.
09 Желтоқсан 2019, 11:39
-
Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер
Жергілікті мәслихаттың біздің мемлекетіміздің зайырлы, демократиялық негізде қалыптасуына қосатын үлесі зор. Бұл туралы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда Түркістан облыстық мәслихатының ардагері Шалатай Мырзахметов айтты.
06 Желтоқсан 2019, 16:19
-
Қ.Тоқаев неміс компанияларының алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Желтоқсан 2019, 12:02
-
Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды.
04 Желтоқсан 2019, 17:45
-
Алматы облысында қаруды сақтау тәртібін бұзудың 400-ге жуық дерегі анықталды
«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады.
04 Желтоқсан 2019, 11:42
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
«ҚазТрансОйл» мұнайдың коммерциялық есебін басталды
Қазақстан аумағында орналасқан «Өзен-Атырау-Самара» мұнайқұбырының 1235 шқ қабылдау-тапсыру пунктінің (ҚТП) мұнай сапасының көлемі мен көрсеткіштерін өлшеу жүйесі (МПККӨ) бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» магистральді мұнайқұбыры арқылы экспортқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың коммерциялық есебі басталды.
03 Желтоқсан 2019, 12:33
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:08
-
Қ.Тоқаев Бішкектегі Ұлттық тарихи-мемориалдық кешенге барды
Қазақстан Президенті Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 15:38
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды