- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Біз Қазақстанның ішінде бейбітшілікті нығайтамыз, сол арқылы өңір мен әлемде бейбітшілік орнатуға атсалысамыз (ВИДЕО)
Н. Назарбаев: Біз Қазақстанның ішінде бейбітшілікті нығайтамыз, сол арқылы өңір мен әлемде бейбітшілік орнатуға атсалысамыз (ВИДЕО)
«Біз бейбітшілікті ел ішінде нығайтамыз. Өз міндетімізді серіктестеріміз бен әріптестеріміздің алдында адал атқарамыз. Біз ел ішінде бейбітшілікті нығайту арқылы әлемге бейбітшілік сыйлаймыз. Бізге сенеді, сондықтан біз дау туындап жатқан жерлерге қол ұшын созып оларды еңсеруге атсалысамыз. Біз Қазақстаннан үлгі алуға шақырамыз. Көпконфессиялы және көпэтникалық елдің бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үлгі аларлықтай, бұл кемшілік емес, артықшылық. Бұл Қазақстан», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, елде сайлау аяқталды енді маңызды жұмыстар басталады.
«Біз дүниежүзінің алдында тағы да бір мәрте өзіміздің демократиялық тұғырымызды, саяси мәдениетімізді көрсеттік. Дүниежүзінен келген 850-ден астам байқаушы, 40 елден 170 журналист осы сайлауды байқады, солардың алдында Қазақстанның бірлігін, сенімін, Қазақстанның ішкі татулығын паш еттік», - деді Н.Назарбаев.
Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан индустрияландыруды соңына дейін жеткізу қажет, жаңа екінші экономика құрып, млн-даған жұмыс орындарын ашып, кірістің жаңа сапасы мен адамдардың кәсібилігін арттыру қажет.
«Біз «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруымыз қажет. Жол жүйелерін дамыту, Қазақстанды автожол мен темір жол және электр желілермен қамту қажет. Мен 5 халықтық реформа ұсынған болатынмын, бұл орайда бизнес бостандығы мен оны дамыту қабылданды. Бизнес әрқашан қолданылуы керек, жеке мүлікке бас сұғуға ешкімнің құқығы жоқ. Осы негізді біртұтас елді құру, қоғамды дамыту қажет. Бұл – жаңа кезек, күрделі жұмыс, біз оны еңсеруіміз керек. Сол үшін бізге мандат тапсырылды», - деді Елбасы Н.Назарбаев.
Қорытындысында, ол барлық қазақстандықтарға сәттілік тілеп, жаңа белестерді бағындыруды тіледі.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады