- Басты
- Жаңалықтар
- Өткен сайлау біздің еліміз үшін өте маңызды – Қ.Сұлтанов
Өткен сайлау біздің еліміз үшін өте маңызды – Қ.Сұлтанов
Мәжіліс хабарлағандай, Дариға Назарбаева сайлаудың алдын-ала нәтижелеріне қарағанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеңіске жеткенін айта келіп, әріптестеріне құттықтау сөзін арнады.
«Қазіргі Президенттің сөзсіз жеңісі – бұл халықтың игілігі үшін тынымсыз еңбегі, әр қазақстандықтың өмір сапасын қамтамасыз етуге, мемлекетті дамытуға және Қазақстанның әлемдегі орынын нығайтуға бағытталған саясатының нәтижесі» деп атап өтті Дариға Назарбаева.
Жиналыс барысында Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясының мүшелері Қуаныш Сұлтанов, Майра Айсина, Николай Логутов, Б. Ертаев, С. Әйімбетов, М. Тінікеев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев сөз сөйледі.
Партия Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Қуаныш Сұлтанов өткен сайлау біздің еліміз үшін өте маңызды және сайлаушылардың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағытын жалғастыру үшін берген дауыстары - Елбасына деген Қазақстан халқының жоғары сенімін білдіреді деп атап өтті.
Майра Айсина Республикалық қоғамдық штабтың жұмысы, аймақтардағы сайлаушылармен болған кездесулер туралы әріптестерін хабардар етіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасының тиімділігі мен айқындылығына тоқталды.
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Николай Логутов өзінің сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясының депутаттық корпусының алдында Елбасының белгілеген бес институционалдық реформасын, заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын іске асыру бойынша міндеттерді айтты.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Әлиев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеген бейбітшілік, келісім және төзімділік жолдары біздің табысқа жетуімізге негіз болатын бірегей жол екендігін атап өтті.
Қорытындылай келе Дариға Назарбаева депутаттарға сайлауалды науқан кезіндегі белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді және әріптестерді бес институционалдық реформаны, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруға шақырды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді